"Қ.Қайсенов атындағы №51 ЖББМ" КММ тарихы » Қайсенов ЖББМ
Түркістан облысының білім басқармасының
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің
"Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 477-45-72
Есепші бөлімі:
+7 (747) 477-45-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қ.Қайсенов атындағы №51 ЖББМ" КММ тарихы
21
август
2024

"Қ.Қайсенов атындағы №51 ЖББМ" КММ тарихы

Қазіргі «Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы білім беретін мектебінің » іргетасы 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы «Үлгілі» ауылында 4 сыныптық бастауыш мектеп болып қаланды. Мектеп үйі қазіргі «Атамұра» ауылы Ш.Тұрғанбаев көшесінің солтүстік-батыс беткейіндегі колхоз басқармасы ғимаратының жанынан орын тепті.

1950-1951 жылдары «III Бесжылдық» ауылында Молотов атындағы 7 жылдық мектеп болып, жаңа ғимаратқа көшірілді. Мектеп 4 бөлмеден тұратын еді. Ескі мектепке қарағанда төбесі шифрмен жабылған, керегесі кең, шаңырағы биік еді.

1955-1956 жылдары мектеп ғимараты қайта «Үлгілі» ауылының колхоз басқармасы орналасқан ғимаратқа көшірілді.

1947-1960 жылдар аралығында осы мектептің іргесін қалап, уығын көтеріскен мектеп басшылары: Созақбаев М,  Қалжанов М, Жүргенбаев Т, Құрбанбаев Е.

1965 жылдан бастап мектеп директоры Басымбеков Шерхан ағай болды. Осы жылдан бастап, 7 жылдық мектеп «Победа» атындағы 8 жылдық орта мектепке айналдырылды. «Прогресс» ауылында (қазіргі «Тұран» ауылы) «Победа» мектебінің 4- сыныптық филиалы ашылды.

1971 жылы ауыл ортасынан жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Осы жылдары мектептің техникалық базасы жақсарып, жаңа педагог кадрларымен толықтырылды.

1966 жылы «Победа» атындағы 8 жылдық негізгі орта мектебіне айналдырылып, 1986 жылдан бастап 10 жылдық орта мектепке айналдырылып, болып өз түлектерін ұшырып келуде.

1965 жылы «Прогресс» ауылында «Победа» мектебінің 4 сыныптық филиалы ашылды. Мектепте Т.Байзақов ағай дәріс беріп, ұстаздық етті.

1993-2000 жылға дейінгі аралықта Жәрменов Мәулен ағай мектеп директоры болды.

2000-2001 жылдары мектеп директоры Сердалиева Әсия апай болды. 2001-2004 жылдары мектеп директоры Сәуірбекова Гүлмира апай болды.

2004 жылдан бастап мектепті Айтбаева Назыгүл апай басқарып келеді. Ол-заманына қарай амал жасаған, өте ізденімпаз ұстаз, талапшыл басшы, биік мақсаттарға ұмтылған, қанатын қияға қағып, биікке самғаған өз ісінің қас шебері десе де болғандай. Бұл кісі келгелі мектептің оқу техникалық базасы да заман талабына сай толықты.

Қазіргі таңда мектеп басшысы лауазымын 2023 жылдың 18 сәуірінен бастап Каныбекова Алма Мәлікқызы атқаруда.

Мекен-жайы: Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков Ауылдық округы, Атамұра ауылы, Ш.Тұрғанбаев көшесі , № 9А
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив